Accessibility links

Комиссия: Ан-28 ұшағының "қара жәшігі" табылды


Роман Скляр, инвестиция және даму вице-министрі.
Роман Скляр, инвестиция және даму вице-министрі.

Алматы облысында құлаған санитарлық авиация қызметінің Ан-28 ұшағының бортындағы ақпаратты жазатын аппараты - қара жәшігі" табылды. Бұл туралы Алматы әуежайында өткен брифингте инвестиция және даму вице-министрі, ұшақ апаты себебін тергейтін арнайы комиссия жетекшісі Роман Скляр хабарлады.

"Оқиға орнынан объективті ақпарат құралы табылды. Ол Мәскеудегі мемлекетаралық авиация комитетіне жіберіледі" деді Скляр.

Оның сөзінше, 3 қазанда апатқа ұшыраған ұшақ зауыттан 1990 жылы шығарылған. 2018 жылдың жазына дейін ұшуға жарамдылығы туралы сертификат берілген.

Алматы әуежайының ұшу қауіпсіздік жөніндегі инспекциясының бастығы Виктор Аушевтің сөзіне қарағанда, өртенген ұшақтың "қара жәшігі" күйген.

3 қазан күні кешке Алматыдан Шымкентке ауыр жағдайда жатқан, босанған әйелге көмек көрсетуге ұшып шыққан санитарлық авиацияның Ан-28 ұшағы апатқа ұшырап, борттағы бес адам түгел қаза тапқан. Ресми мәлімет бойынша, ұшақ Алматыдан 28 километр ұшып шыққан соң радардан жоғалып кеткен. Кейін ұшақ Алматы түбінде, Іле ауданында апатқа ұшырап, жанып жатқан күйі табылған. Ұшақ электр бағандарының сымдарын үзіп барып құлаған.

Апат құрбандарының үшеуі - экипаж мүшелері, екеуі - дәрігер.

XS
SM
MD
LG