Accessibility links

Мәскеуде "Открытая Россия" қызметкерлерінің пәтерін тінтті


Александр Соловьев, "Открытая Россия" қозғалысының төрағасы.
Александр Соловьев, "Открытая Россия" қозғалысының төрағасы.

5 қазанда Мәскеуде Ресей оппозициялық саясаткері Михаил Ходорковский құрған "Открытая Россия" қозғалысы қызметкерлерінің үйлерін полиция тінтті.

Қор сайтында хабарланғандай, тінту ЮКОС компаниясына қатысты 2003 жылы қозғалған іс бойынша жүргізілген. Тергеушілер "Открытая Россия" сайтының бас редакторы Вероника Куцыллоның, қозғалыс төрағасы Александр Соловьевтің ата-анасының, сайт әкімшісі Артем Миничтің және қозғалыстың зерттеу орталығының жетекшісі Андрей Коняхиннің қызының үйін тінтті.

Александр Соловьевтің Twitter-де жазуынша, іс қозғалған 2003 жылы ол мектепте сегізінші сыныпта оқыған. Тінту кезінде одан телефонын, компьютері мен фотоаппаратын тартып алған.

Тінту сонымен қатар "Открытай Россия" қызметкері Николай Левшица мен "Открытые выборы" жобасының жетекшісі Тимур Валеевтің пәтерінде де жүргізілген.

"Открытая Россия" қозғалысын құрған Михаил Ходорковский ЮКОС компаниясының бұрынғы иегерлерінің бірі, қазір шетелде тұрады. 2005 жылы ол қаржы жымқырды және салық төлеуден жалтарды деген айыптармен сегіз жылға сотталған. Ол 2013 жылы желтоқсанда Ресей президенті Владимир Путиннің рақымшылығымен босатылған. Түрмеден шыққан соң Ходорковский Ресейден кетіп, Швейцияда тұруға рұқсат алған.

Биыл ақпан айында журналист әрі құқық қорғаушы Зоя Светованың пәтерінде де тінту жүргізілген. Тінтуге Мәскеудің Басман соты "ЮКОС ісі" және "Открытая Россия" ісі" бойынша санкция берген. Бұған дейін қозғалыстың бірнеше қызметкері "ЮКОС ісі" бойынша тергелген.

XS
SM
MD
LG