Accessibility links

Нидерландыда партиялар үкімет коалициясын жасақтады


Макр Рютте, Нидерланд премьер-министрі.
Макр Рютте, Нидерланд премьер-министрі.

Нидерландыда парламент сайлауы өткеннен жеті айдан соң төрт партия үкімет коалициясын құруға келісті. Бұл туралы 9 қазанда премьер-министр Марк Рютте хабарлады. Болашақ үкіметке Рюттенің Еркіндік және демократия үшін халықтық партиясы, солшыл либералдық "Демократия-66" партиясы мен "Христиан-демократиялық үндеуі" және "Христиан одағы партиялары кіреді.

Парламент үкімет коалициясын 10 қазанда бекітуі тиіс. Үкіметті жасақтайтын төрт партияның парламенттің 150 орынды төменгі палатасында бір ғана орын артық (76) иеленген.

Премьер-министр қызметі Марк Рюттеде қала береді деген болжам бар. Нидерланд ақпарат құралдарының хабарлауынша, министрлер кабинетінің жаңа құрамы ең ерте дегенде 23 қазанда ұсынылмақ.

XS
SM
MD
LG