Америкалық New Yorker журналы 13 әйелдің голливудтық кинопродюсер Харви Вейнштейннің жыныстық бопсалауына ұшырағанын, оның ішінде үшеуі продюсердің өздерін "зорлағанын" мәлімдегенін хабарлады. Журнадың хабарлауынша, айыптаушылардың бірі 10 қазанда Вайнштейн өзінің "көзін құртатынынан" қорқып, зорлық көргені туралы 20 жыл бойы жасырып келгенін айтқан.
Басылым ақпаратына қарағанда, 2015 жылы наурызда полиция Вайнштейн мен оны айыптаушылардың бірінің Нью-Йорктегі отельдердің бірінің холында сөйлескен сөздерін жазып алған, бірақ ол туралы жарияламаған.
Вайнштейннің өкілі Салли Хофмайстер "Вайнштейн мырза өзара келісімсіз жыныстық қатынас болғаны туралы кез-келген әңгімені жоққа шығаратынын" мәлімдеді.
8 қазанда 65 жастағы Вайнштейн өзінің жеке кино түсіру компаниясының тең төрағасы қызметінен айырылған. Бұдан бірнеше күн бұрын New Yorker-де продюсер, "Оскар" сыйлығының иегері Харви Вайнштейннің ондаған жыл бойы жас әйелдерді сексуалдық қысым жасап келгені турал материал шыққан.