Қырғызстанның бұрынғы президенті Роза Отунбаева Қазақстанмен шекарадағы мәселені шешу үшін президенттер деңгейінде келіссөз жүргізу керек деп мәлімдеді. Азаттықтың Қырғыз редакциясының хабарлауынша, Роза Отынбаева бұл туралы 13 қазанда Бішкекте "Әділ сайлау үшін" қозғалысы өткізген баспасөз конференциясында айтты.
"Ең бастысы, президент тарапынан бірінші қадам жасалуы тиіс. Президент өзінің жауапкершілігін сезіне ме, білі ме? Тіпті кешірім сұрамаса да, Қазақстан президентінің бабын табу керек" деді Отынбаева екі ел шекарасында қалыптасқан жағдайға қатысты.
Отынбаеваның пәкірінше, бұл мәселе үкімет деңгейінде шешілмейді.
Қазақстанмен шекара мәселесі 10 қазанда, Қырғызстан президенті президент Алмазбек Атамбаев Қазақстан билігін елдің ішкі ісіне араласып отыр деп айыптаған соң қиындай түскен. Қырғызстанның шекара қызметінің мәліметіне қарағанда, Қазақстан шекарадан өткізу тәртібін күшейткен.
Осы аптада екі ел үкіметтері шекарадағы жағдайға қатысты бір-біріне жауап мәлімдемелерін жасаған.
Ал бүгін Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы Қырғызстандағы 15 қазанда өтетін президент сайлауына жеке мемлекет ретінде бақылау жасамайтынын мәлімдеген.
11 қазанда Қазақстан ҰҚК "мемлекеттік шекарада жоспарлы шекара операциясы" басталып, адамдарды, көліктер мен тауар және жүкті тексеру күшейтілгенін хабарлаған.
13 қазанда Қырғызстанның мемлекеттік шекарадан өткізу процедурасы "біршама оңтайландырылғанын" мәлімдеді.