Accessibility links

Назарбаевтың жиені ҚФФ вице-президенті қызметінен кетті


Айсұлтан Назарбаевтың Facebook-тегі парақшасынан скриншот.
Айсұлтан Назарбаевтың Facebook-тегі парақшасынан скриншот.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Айсұлтан Назарбаев Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) халықаралық футбол ұйымдарымен байланыс жөніндегі вице-президенті қызметінен босады. ҚФФ ресми сайтында 18 қазанда жарияланған ақпарат бойынша, Назарбаев қызметінен өз өтініші бойынша босатылған.

Айсұлтан Назарбаев федерация вице-президенті болып биыл ақпанның соңында тағайындалған еді. Ол федерацияның FIFA, UEFA және ұлттық ассоциациялармен байланысын үйлестірген.

Айсұлтан Назарбаев ҚФФ-ның бұған дейінгі басшысы Ерлан Қожағапановтың жұмысын жиі сынап, оның қызметінен кетуін талап еткен. Назарбаев ҚФФ-ны басқаруға өз кандидатурасын да ұсынған болатын.

Өткен жылы қазанның соңында Ерлан Қожағапанов "өз еркімен" қызметінен кетіп, орнына Сейілдә Байшақов сайланған.

XS
SM
MD
LG