Челябинскіде өткен Қазақстан мен Ресейдің 14-өңіраралық ынтымақтастық форумында Солтүстік Қазақстан және Омбы облыстары 2017-2020 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы қосымша келісімге қол қойып, ауыл шаруашылығы бизнесі, білім, мәдениет салаларында өткізілетін шаралардың мерзімі көрсетілген бағдарлама қабылданды.
"Оңтүстік - Орал темір жолы" Солтүстік Қазақстан аймағындағы жол жағдайын жақсартты. Келесі жылы Омбы, Қорған және Түменге бірінші және екінші санаттағы жол тартылады. Нәтижесінде, жыл сайын Ресейден келетін туристер санын 10-15 пайызға көбейтуге мүмкіндік туады" деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов.
2018 жылы Петропавл қаласында өтетін 15-өңіраралық форумның тақырыбы туризм саласын дамытуға арналады.