Accessibility links

ЦРУ: Ресейдің сайлауға араласқаны жайлы сөзіміз өзгерген жоқ


АҚШ орталық барлау басқармасы басшысы Майк Помпео. Вашингтон, 19 қазан 2017 жыл.
АҚШ орталық барлау басқармасы басшысы Майк Помпео. Вашингтон, 19 қазан 2017 жыл.

АҚШ орталық барлау басқармасы (ЦРУ) америкалық сайлауға Ресейдің араласқаны туралы ақпаратты растады. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Вьетнамға сапары барысында журналистерге берген сұхбатында Ресей президенті Владимир Путиннің АҚШ-та 2106 жылы өткен президент сайлауына Кремльдің араласпағаны жайлы айтқанын хабарлаған. Трамп сонымен бірге Путиннің АҚШ арнайы қызметтері айыптаған істерге қатысы жоқтығына сенетінін білдірген.

Орталық барлау басқармасы ресми өкілінің мәлімдемесінде мекеме басшысы Майк Помпеоның америкалық барлау қауымдастығының 2017 жылғы қаңтардағы "АҚШ-та жуырда өткен сайлаудағы Ресейдің белсенділігі мен ниетін бағалау" атты баяндама тұжырымдарын үнемі қолдап келгені және қолдай беретіні туралы айтылған.

"Ресейдің араласуына қатысты арнайы қызметтердің берген бағасы өзгерген жоқ" деген мәлімдемеден үзінді келтірген "Америка дауысы".

Сенбі күні АҚШ конгресінің барлау жөніндегі комитетінде сөйлеген демократ Адам Шифф "президент ешкімді алдай алмайды" деп Трамптың атына сын айтқан. Орыстардың "сайлау кезінде бәсекелесінің электронды поштасын бұзып, хат-хабарламаларын таратқанын, ал ол [Трамп] сайлау компаниясы кезінде әлгіндей араласудың жемісін қайта-қайта пайдаланғанын" Трамп түсінеді деп мәлімдеген Шифф.

XS
SM
MD
LG