"Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев 17 қарашада жұмыс сапарымен Ресейге барады" деп хабарлады президент аппаратына сілтеме жасаған Азаттықтың Қырғыз редакциясы.
Атамбаев VI Санкт-Петербург халықаралық мәдени форумына қатысады. Форум Маринский театрында өтеді.
Қырғыз президенті сонымен қатар Ресей басшыларымен кездесіп, екі жақты қарым-қатынас талқыланады деп жоспарланған.
8 қарашада Алмазбек Атамбаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефонмен сөйлескен. Олар қырғызстан-ресей қатынастары мен бірлескен жобаларды іске асыру жайын талқылаған. Путин Атамбаевты форумға қатысуға сол кезде шақырған.