Биыл Қазақстанда прокуратураның он қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғалған, оның жетеуі – басшы қызмет атқарғандар. Бұл туралы бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz сайты хабарлады.
Бас прокуратура жүргізген тексерулер қорытындысы бойынша биыл 93 прокурорға әртүрлі шара қолданылған.
Қадағалаушы органның мәліметінде "12 прокурор теріс қылығы үшін жұмыстан босатылды, алтауы қызметінен шеттетіліп, он бес қызметкердің міндетін атқаруға толық сәйкес келмейтіні жарияланды. Өзгелері әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 40 қызметкерге ар-намыс кодексін бұзғаны үшін шара қолданылды" делінген.
Қазақстанда бұған дейінгі соңғы бес жылда барлығы жеті прокурорға қатысты қылмыстық іс қозғалған.