Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев жалақы, зейнетақы, шәкіртақы және жәрдемақыны көтеру туралы жарлық шығарды. 20 қарашада қол қойылған жарлық бойынша, 2017 жылдың 1 желтоқсанынан бастап бюджеттік мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің жалақысы, зейнетақы, шәкіртақы және жәрдемақы көлемі орташа есеппен 13-15 пайызға көтеріледі.
Ең төменгі жалақыға қатысты белгіленген жалақы мен зейнетақыға қосылатын барлық үстемелер және қосымша ақы, өтемақы мен басқа да төлемдер 2017 жылдың 1 желтоқсанынан бастап төленеді. Шаруашылық есебіндегі кәсіпорындар мен ұйымдар 1 желтоқсаннан бастап жалақыны жарлықта белгіленген ең төменгі жалақыға сай, өндіріс тиімділігін арттыру және еңбек шығынын азайту есебінен көтеру міндеттелді.
Өзбекстанда соңғы рет жалақы мен басқа да әлеуметтік төлемдер көлемі 2016 жылы 1 қазаннан бастап көтерілген.