Өзбекстан орталық банкі төрағасының бірінші орынбасары Тимур Ишметовтың хабарлауынша, елдің алтын валюта қоры қарашада 26 миллиард доллар болған. Соңғы екі айда қор 750 миллион долларға көбейген.
Ишметов мұндай мәліметтің алғаш рет жарияланғанын, бұған дейін ол құпия сақталып келгенін айтты. Бұған қоса, 2018 жылдың қаңтарынан бастап әрбір мекеме осыған дейін құпия сақталған осы сияқты мәліметтерді жариялай бастайды.
Өзбекстан алтын валюта қорының жариялануы Орталық Азияда ең бай ел қайсы екенін анықтауға мүмкіндік береді. Өзбекстан алтын валюта қорының көлемі жөнінен аймақта Қазақстаннан кейінгі екінші орында тұр. Алтын валюта қоры көлемі бойынша соңғы орынды Тәжікстан иеленеді
Алтын валюта қорына реттеуші орган қадағалауындағы активтер кіреді. Ол активтер шетел валютасынан, бағалы қағаздар мен алтыннан құралады. Қор сыртқы қарыздар мен міндеттемелерді өтеу үшін және валюта бағамының құбылуын болдырмау үшін қажет.