Accessibility links

Алматы әкімдігі белсенділердің митинг өткізуіне рұқсат бермеді


Бақытжан Төреғожина, азаматтық белсенді.
Бақытжан Төреғожина, азаматтық белсенді.

Алматы қалалық әкімдігі азаматтық белсенділердің 2 желтоқсанда қаладағы "Сары Арқа" кинотеатрының артында митинг өткізуіне рұқсат бермеді. Митинг өткізуге өтініш білдірген белсенділердің бірі Бақытжан Төреғожинаның Facebook-тегі парақшасында хабарлауынша, Алматы қалалық ішкі саясат басқармасы "Сары Арқа" кинотеатры артындағы саябақта 1-25 желтоқсан аралығында "инженерлік желілерді жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілетінін" айтып, митинг өткізуге рұқсат бермеген.

Басқарма бұған қоса белсенділерді рұқсатсыз митинг өткізсе, заң бойынша жауапқа тартылатынын ескерткен.

Төреғожина Алматының бір топ тұрғыны осы айдың ортасында 28 қараша, 2 және 9 желтоқсан күндері қалалық мәслихат жиын өткізетін орын деп бекіткен "Сары Арқа" кинотеатрының артында митинг өткізуге рұқсат сұрап, өтініш білдіргенін хабарлаған.

XS
SM
MD
LG