Accessibility links

Тәжікстанда журналисті "алаяқтық жасағаны" үшін соттады


Тәжікстандағы "Хуқуқ" газеті.
Тәжікстандағы "Хуқуқ" газеті.

Тәжікстан соты апталық "Хукук" ("Құқық") газетінің бас редакторы Ойбек Әлиевті 8 жыл 10 ай, оның әкесі Турсунали Әлиевті 6 жылға соттады. Оларға "алаяқтық жасады" деген айып тағылған.

70 жастағы Турсунали Әлиевтің жасына байланысты 6 жыл түрме жазасы 2 жыл шартты мерзімге ауыстырылды. Жергілікті журналистік ұйымдар сотталушыларды қорғаудан бас тартты.

2014 жылы әкелі-балалы Әлиевтер "билік өкілдеріне бағынбады" деген айыппен сотталған. Бірақ рақымшылыққа ілініп, айыппұл төлеп, түрмеге отырмай, босатылған.

Кейін Жабборрасулов ауданы тұрғындарының шағымдарынан кейін, оларға қарсы жаңадан қылмыстық іс қозғалған. Жәбірленушінің бірі Турсунали Әлиевтің туған бауыры Хусейн Әлиев "сотталушылар "тұрғындарға көмектесемін деп, халықтың ақшасын алдап алғанын" айтады.

Жергілікті журналистік ұйымдар олардың іс-әрекеттерін "журналистік этикаға жат" деп, қорғаудан бас тартқан.

XS
SM
MD
LG