Accessibility links

ОҚО: Сайрам аудандық басқарма басшылары ұсталды


Оңтүстік Қазақстан облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).
Оңтүстік Қазақстан облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).

Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы П. Өтепов пен әділет басқармасының басшысы З. Түйнебаев "600 мың теңге пара алу кезінде" ұсталды. Бұл туралы Азаттыққа Коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Оңтүстік Қазақстан облыстық департаменті хабарлады.

Департамент ақпаратына қарағанда, басқарма басшылары "жеке кәсіпкерлерден қоғамдық тамақтану сауда орындарын ашуға оң шешім шығару және олардың кәсіпкерлік қызметіне қамқорлық жасағаны үшін жүйелі түрде пара алып отырған".

"П.Өтепов пен З. Түйнебаев қазір қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр" дейді ұлттық бюро департаменті.

XS
SM
MD
LG