Accessibility links

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі АҚШ-тың Иерусалим жайлы шешімін сынады


Иерусалимнің ескі бөлігі. 6 желтоқсан 2017 жыл.
Иерусалимнің ескі бөлігі. 6 желтоқсан 2017 жыл.

БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысында кеңестің АҚШ-тан өзге барлық мүшелері Вашингтонның Иерусалимді Израиль астанасы деп тану туралы шешімін сынады. Желтоқсанның 8-і күні өткен жиында даулы мәселе бойынша қарар қабылданған жоқ деп хабарлайды халықаралық ақпарат агенттіктері, себебі қарарды Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері бірауыздан қабылдауы тиіс, ал АҚШ – кеңестің тұрақты мүшесі.

Бұған дейін, желтоқсанның 6-сында АҚШ президенті Дональд Трамп Иерусалимді Израиль астанасы деп тану және Тель-Авивтегі АҚШ елшілігін соған көшіру туралы шешімін жария еткен болатын. Бұл шешім Иерусалим қаласының мәртебесіне қатысты Ақ үй әкімшілігінің соңғы жиырма жылдан астам уақыт бойғы ұстанымын өзгертеді.

БҰҰ-дағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Ники Хейли Қауіпсіздік кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде президент Трамптың бейбіт процесс пен "екі мемлекет" формуласына бейіл болып қалатынын айтқан.

БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы бейбітшілік жөніндегі үйлестірушісі Николай Младенов АҚШ-тың даулы шешімі оған наразы палестиналықтар мен өзге де халықтарды "зомбылық іс-әрекеттеріне" ұласуы мүмкін деп ескерткен.

Желтоқсанның 8-і күні палестиналықтар мен Израиль қауіпсіздік күштері арасындағы қақтығыс салдарынан бір палестиналық қаза тапқан. Палестиналық Қызыл Жарты Ай ұйымының хабарлауынша, Иерусалим қаласы мен Палестинаның автономиялық аймақтарында кемінде 760 адам зардап шеккен, олардың 260-тан астамына резеңке оқ тиген.

Трамптың Иерусалим жайлы шешімі қарсылық тудырды (7 желтоқсан):

АҚШ президенті Трамптың Иерусалим мәртебесі туралы сөзі қарсылық тудырды
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:02 0:00

XS
SM
MD
LG