Accessibility links

Махмуд Аббас БҰҰ-ны арағайын болуға шақырды


Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббас Ислам ынтымақтастығы ұйымының саммитінде сөйлеп тұр. Стамбул, 13 желтоқсан 2017 жыл.
Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббас Ислам ынтымақтастығы ұйымының саммитінде сөйлеп тұр. Стамбул, 13 желтоқсан 2017 жыл.

Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббас палестиналықтар АҚШ-тың израиль-палестина бейбіт келіссөзіне арағайын болғанын қаламайтынын мәлімдеді. Ол БҰҰ-ны бұл келіссөзде арағайын болу рөлін өзіне алуға шақырды. Аббас бұл туралы мәлімдемесін 13 желтоқсанда Стамбулда Ислам ынтымақтастығы ұйымының (ИЫҰ) шұғыл өткен саммитінде жасады.

Кездесуде Аббас палестиналықтар АҚШ-тың 6 желтоқсанда Иерусалимді Израиль астанасы деп танығанына "қайран қалғандарын" айтты. Президент Дональд Трамптың Иерусалимге қатысты шешімі АҚШ-тың одақтастары мен Еуропа және Таяу Шығыстағы бірқатар елдің наразылығын тудырған.

- Ғасырға созылған бейбіт келісім жасасу процесіне қатысып жатқанда, [АҚШ президенті Дональд Трамп - ред] төбемізден жай түсіргендей болды. АҚШ-тың бұдан былай саяси процеске арағайын болып қатысқанын қабылдай алмаймыз" деді Махмуд Аббас.

Палестина басшысы екі мемлекеттің қатар өмір сүруіне негізделетін шешімді қолдай беретінін айтқанымен, бейбіт келіссөзде арағайындық жасау қызметі БҰҰ-ға берілуін талап ететінін ескертті.

Саммитті ашқан Түркия президенті Тайып Ердоған халықаралық қауымдастықты Шығыс Иерусалимді Палестина астанасы деп тануға шақырды. Ол Иерусалимнен айыру мұсылмандар үшін "шектен шығу" болып саналатынын айтты.

XS
SM
MD
LG