Accessibility links

ЕО Ресейге қарсы санкциясын ұзартуға келісті


Дональд Туск, Еуропа кеңесінің төрағасы.
Дональд Туск, Еуропа кеңесінің төрағасы.

Еуропа Одағы (ЕО) елдерінің басшылары Ресейге қарсы қатаң экономикалық санкцияларын алты айға ұзартуға келісті. "ЕО Ресейге қарсы экономикалық санкцияға қатысты бірікті" деп жазды Еуропа кеңесінің төрағасы Дональд Туск Twitter-де. ЕО елдерінің басшылары бұл мәселені Брюссельдегі саммитте талқылады. Санкция Ресей 2014 жылы Украинадан Қырым түбегін аннексиялап алып, Донбастағы сепаратистерді қолдаған соң салынған.

Украина президенті Петр Порошенко 14 желтоқсанда ЕО-ның Ресейге қарсы санкцияны ұзарту шешімін "маңызды саяси шешім" деп атады.

"Еуропа Одағы елдері басшыларының Украинаның территориялық тұтастығын бұзғаны және елімізге қарсы гибридті басқыншылығын тоқтатпағаны үшін Ресейге қарсы экономикалық санкцияларды ұзартуы - маңызды саяси шешім" деп жазды Порошенко Facebook-тегі парақшасында.

XS
SM
MD
LG