18 желтоқсан АҚШ-тың батысындағы Вашингтон штатында жолаушылар пойызы апатқа ұшырап, үш адам мерт болды. 77 адам жарақаттанып, ауруханаға жеткізілді. Қаза тапқандардың барлығы - пойыз жолаушылары.
Пойыз Сиэтл — Портленд бағыты бойынша алғаш рет жолға шыққан. 132 тонналық локомотивтың алдыңғы бірнеше вагоны Такома қаласының маңындағы көпірден шығып кетіп, темір жол астындағы бірнеше көліктің үстіне құлаған.
Пойызда 78 жолаушы, жеті экипаж мүшесі болған. Қазір пойыз апатына байланысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.