Accessibility links

ХОК тағы бір ресейлік спортшыны жазалады


Александр Зубков (сол жақта) пен Алексей Воевода (оң жақта) Сочи олимпиадасында.
Александр Зубков (сол жақта) пен Алексей Воевода (оң жақта) Сочи олимпиадасында.

Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) бобслей спортынан Сочи олимпиадасында екі алтын алған ресейлік Алексей Воеводаны өмір бойы олимпиададан шеттеті.

Воевода Сочи олимпиадасында допинг ережесін бұзды деп айыпталған. Оның олимпиададағы нәтижесі жойылды. Енді екі алтынын да қайтаруы тиіс. ХОК осыған дейін Воеводаның командаласы Александр Зубковтың да екі алтынын қайтарып, олимпиадаға қатысу құқығынан айырған.

ХОК 5 желтоқсанда Ресейді 2018 жылы Оңтүстік Кореяда өтетін қысқы олимпиададан шеттеткен. "Таза спортшылар" бұл олимпиадаға тәуелсіз атлет ретінде қатыса алады. "Таза атлеттерді" ХОК арнайы комиссиясы анықтайды.

ХОК Кремль мемлекеттік деңгейде допингті қолдады деп айыптайды.

XS
SM
MD
LG