Бішкекте сот орындаушылары парламент депутаты Омурбек Бабановқа тиесілі НТС телеарнасының мүлкін тізімдеп болды. Азаттықтың Қырғыз редакциясының НТС редакторы Азиат Жекшеевке сілтеме жасап хабарлауынша, тізімдеу аяқталған соң мүлік компания бас директоры Жайнак Усонулууна сақтауға берілді.
Жекшеевтің сөзінше, телеарна жұмысын қалыпты жағдайда жалғастырып, хабар бағдарлама бойынша шығады.
19 желтоқсан күні кешке НСТ телеарнасының кеңсесіне милициямен бірге сот орындаушылары барып, Бішкек аудандық сотының телеарна мүлкін бұғаттау туралы ұйғарымымен таныстырған. Сот орындаушылары 20 желтоқсанда телеарна мүлкін тізімдеуді бастаған.
Телеарна мүлкі Grexton Capital LTD компаниясының бұған дейін телеарнаға иелік еткен "Аянт" компаниясына қарсы шағымы бойынша бұғауға алынып отыр. НТС бұл шағымда үшінші тарап ретінде көрсетілген.
15 қазанда өткен президент сайлауында екінші орын алып, сайлаудан соң шетелге кетіп қалған Омурбек Бабанов НТС-ке қатысты жағдайды "рейдерлік басып алу" деп атады.
Сот департаментінің баспасөз хатшысы Назира Сағынәлиеваның Азаттықтың Қырғыз редакциясына айтуынша, телеарнаға "ешқандай рейдерлік әрекет жасалмаған".