Accessibility links

Иранда бір түнде тоғыз адам қаза болған


Иранда ереуілге шыққан жұрт. Қаңтардың 30-ы, 2017 жыл.
Иранда ереуілге шыққан жұрт. Қаңтардың 30-ы, 2017 жыл.

Иран мемлекеттік телеарнасы қаңтардың екісіне қараған түні ереуілдерде тағы тоғыз адамның қаза болғанын хабарлады. Ресми дерек бойынша, бірнеше күндік толқулар кезінде 20 адамның мерт болғаны анықталған. Олардың арасында полиция қызметкерлері де бар. Бұдан нақты дерек әзірге белгісіз. AFP мәліметінше, қазірге дейін 400 ден аса адам тұтқындалған.

Тегеран полициясы жағдай тұрақталғанын, ереуілдер тоқтағанын, барлығы бақылауда екенін хабарлап отыр. Ал Азатттық парсы тілінде хабар тарататын Фарда радиосы наразылық әлі де жүріп жатқанын, полициямен қақтығыс та болғанын хабарлайды.

Ирандағы жаппай наразылық акциялары желтоқсанның 28-і күні елдің бірнеше қаласында басталған. Әуелде экономикалық саясат пен баға қымбатшылығына наразылық білдіргендер кейін үкіметті сынауға көшкен. Демонстранттар полицияға тас лақтырып, көліктерді аударып тастаған.

Желтоқсанның 30-ы күні Тегерандағы наразылық шаралары барысында 200 адам ұсталған, олардың арасында 40 адамды билік "заңсыз жиындарды бастаушылар" деп атаған.

Желтоқсанның 31-і күні Иран билігі Instagram әлеуметтік желісі мен Telegram мессенджерін бұғаттап, бұл шешімді "бейбітшілік пен азаматтардың қауіпсіздігін" қамтамасыз ету қажеттігімен түсіндірген.

Иран президенті Хассан Роухани тәртіпсіздіктер мен қоғамдық меншіктегі мүлікті бүлдіріп-қиратуды айыптаған, бірақ сонымен бірге ол үкіметті азаматтардың "заңды сын мен наразылық білдіруіне мүмкіндік жасауға" шақырған.

XS
SM
MD
LG