Accessibility links

Тоқаев Сеул мен Пхеньян арасындағы келіссөзді қоштады


Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан парламенті сенатының спикері.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан парламенті сенатының спикері.

Қазақстан парламенті сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея арасында байланысты қалпына келтіруді «түбектегі жағдайдың дамуындағы оң тенденция» деп атады. Бұл туралы олTwitter-де жазды. «Шиеленіс бәсеңсиді деген үміт ояна бастады. ХОК (Халықаралық олимпиада комитеті – ред.) солтүстік кореялық спортшыларды Оңтүстік Кореядағы Олимпиадада қабылдау туралы дұрыс шешім қабылдады» деп жазды Тоқаев.

Қаңтардың 1-інде Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын жаңа жылдық сөзінде Қысқы олимпиадаға спортшыларын қатыстыру үшін Оңтүстік Кореямен «келіссөзге ашық» екенін мәлімдеген. Ал қаңтардың 2-сі күні Оңтүстік Кореяның ұлттық бірлік министрі Чо Мен Гюн Сеул Солтүстік Кореямен келіссөзді 9 қаңтарда шекара аймағындағы Пханмунджом елді мекенінде өткізуді ұсынғанын айтқан.

Жиында Солтүстік Кореяның бір айдан соң өтетін Қысқы олимпиадаға қатысу-қатыспауы мәселесі талқыланбақ.

2017 жылдың соңына таяу Корей түбегіндегі шиеленіс қайта ушыққан. Былтыр қарашаның соңында Солтүстік Корея алысқа ұшатын зымыранын сынап, «АҚШ-тың кез келген жеріне ядролық бомба тастай алатынын» мәлімдеген. Бұдан соң Вашингтон мен Сеул Корей түбегінде бірлескен ең ірі әуе жаттығуын өткізген.

XS
SM
MD
LG