Accessibility links

Мәскеу облысында астан уланған 37 бала ауруханаға түскен


Оқушылар асханасы. (Көрнекі сурет.)
Оқушылар асханасы. (Көрнекі сурет.)

Ресейдің Мәскеу облысындағы Люберецк қаласында 37 бала және төрт ересек адам астан улану белгілерімен ауруханаға түскен. Бұл туралы бүгін Мәскеу облысының денсаулық сақтау министрі Дмитрий Марковқа сілтеме жасап "Интерфакс" агенттігі хабарлады.

Оның айтуынша, зардап шеккендердің барлығы Люберецк қаласындағы Кадеттер мектебінен түскен. Олардың барлығы асқазанының бұзылғанына шағымданған.

Бұған дейін ауруханаға астан уланған 36 бала мен үш ересек адам түскені туралы ақпарат тараған болатын.

XS
SM
MD
LG