Accessibility links

Алик Айдарбаев "Самұрық-Қазына" басшысының орынбасары болды


Алик Айдарбаев Маңғыстау облысының әкімі болып тұрған кезінде.
Алик Айдарбаев Маңғыстау облысының әкімі болып тұрған кезінде.

Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі Алик Айдарбаев «Самұрық-Қазына» қоры басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, «Самұрық-Қазына» таратқан ақпаратта қордың басқарушы директорларының саны қысқартылып, басқарма төрағасының орынбасары штаты енгізілгені айтылады.

55 жастағы Алик Айдарбаев әр жылдары жергілікті мұнай өндіруші компанияларда лауазымды қызметтер атқарған. Ол 2011-2012 жылдары «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру»компаниясының бас директоры болған. 2013 жылы қаңтарда Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалған. 2017 жылы наурызда инвестиция және даму вице-министрі болып тағайындалған.

«Самұрық-Қазына» қорына 40-тан астам еншілес және тәуелді ұйым, оның ішінде өндіруші компаниялар кіреді. Үлесі бар заңды тұлғаларды қоса алғанда олардың жалпы саны 400-ге жетеді. Қордың бірден бір акционері – Қазақстан үкіметі.

XS
SM
MD
LG