"Қазгидромет" хабарлауынша, алдағы аптада Қазақстан аумағында аяз болады.
"22-26 қаңтар аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай облысында күндіз -27-35 градус, түнде -45 градус аяз болады. Астанада 23-26 қаңтарда түнде -35-40, күндіз -27-32 градус суық болады" деп жазылған хабарламада.
Мамандар "ел тұрғындары күн аязда алыс сапарға шықпау керек" дейді.