Accessibility links

Ресейде "Сталиннің өлімі" фильмін көрсетпеуді ескертті


"Пионер" кинотеатрында "Сталиннің өлімі" фильміне билет алуға кассада кезекте тұрған адамдар. Мәскеу, 25 қаңтар 2018 жыл.
"Пионер" кинотеатрында "Сталиннің өлімі" фильміне билет алуға кассада кезекте тұрған адамдар. Мәскеу, 25 қаңтар 2018 жыл.

Ресей мәдениет министрлігі елдегі кинотеатрларға тыйым салынған британдық «Сталиннің өлімі» фильмін көрсетсе, заңмен жауапқа тартылатынын ескертті. Министрлік ескерту жасаған мәлімдемесін фильмді 25 қаңтарда Мәскеудегі «Пионер» кинотеатры биліктің тыйым салғанын ескерместен, шағын аудиторияға көрсеткен соң таратты.

Ресей заңы бойынша, кинотеатр лицензия берілмеген фильмді бірінші рет көрсетсе 100 мың рубльге дейін (шамамен 1800 АҚШ доллары) айыппұл салынады. Ал екінші рет заң бұзған жағдайда кинотеатр жабылады.

"Сталиннің өлімі" – француз комиксі негізінде түсірілген сатирилық комедия. Режиссер Армандо Ианнуччи түсірген комедияның әлемдік премьерасы 2017 жылы қыркүйекте болған.

Фильмде КСРО-да 1953 жылы Сталин өлген соң билікке талас баяндалған. Негізгі рөлдерді Стив Бушеми, Джейсон Айзекс және Ольга Куриленко ойнаған.

Ресей мәдениет министрлігі «Сталиннің өлімі» картинасын прокатқа шығаруға 17 қаңтарда рұқсат берген. Картина алғаш 25 қаңтардан көрсетіле бастайды делінген еді, бірақ 23 қаңтар күні мәдениет министрлігі рұқсатын қайтарып алатынын мәлімдеді. Министрлік мұндай шешімді «бір топ заңгер» фильмде «экстремизм белгілері бар» деген соң қабылдағанын айтады.

Оқи отырыңыз: Ресей мен Қазақстанда билікке жақпай қалған фильмдер

«Аға буын ғана емес, көп адам фильмді советтік тарихты, фашизмді жеңген елді мысқылдап әжуалау деп түсінеді» деген мәдениет министрі Владимир Мединский мәлімдемеде.

XS
SM
MD
LG