Accessibility links

АМТ жұмысшылар жалақысы көбейгенін хабарлады


АМТ шахталарындағы шеру. 2017 жылдың желтоқсаны. Қарағанды облысы әкімдігінің сайтынан алынған сурет.
АМТ шахталарындағы шеру. 2017 жылдың желтоқсаны. Қарағанды облысы әкімдігінің сайтынан алынған сурет.

Қарағанды облысындағы кеніштерді игеретін және Теміртаудағы металлургия комбинатына ие «АрселорМиттал Теміртау» (АМТ) компаниясы 2 ақпан күні көмір және темір кені департаментінің металлургтері мен шахта сыртында жұмыс істейтін жұмысшылардың жалақысы 20 пайызға көбейгенін хабарлады. Жалақыны көбейту туралы шешім былтыр желтоқсанда шахтерлер жалақыларын көбейтуді және жеңілдіктер жасауды талап етіп, төрт күн шахтада ереуілдеген соң қабылданған.

«Болат департаментіне қарасты негізгі бірнеше цех (кокс химиясы өнеркәсібі, аглоөнеркәсіп, домна цехы департаменті, оттегі конвертері цехы) жұмысшыларының еңбекақысы 20 пайызға дейін өседі. Сонымен қатар, басқа көмір және болат құрылымдары жұмысшыларының жалақысы да 20 пайызға көбейеді. Көбейтілген жалақы 9 ақпанға дейін түседі» деп хабарлады компания.

Азаттық тілшісімен сөйлескен кейбір жұмысшылар бұл жаңалықты жылы қабылдағанымен, көбейген жалақы отбасыларының материалдық жағдайын оңалтуға жетпейтінін айтты.

Кәсіподақ жұмысшылармен келіссөз күрделі болғанын айтады.

Желтоқсанның 11-і күні АМТ компаниясына қарасты шахтада жұмыс істейтін жүздеген кенші жер бетіне шығудан бас тартқан. Олар жалақыны 100 пайызға өсіруді талап еткен. Кеншілер наразылығы төрт күнге жалғасқан. АМТ соттан кеншілер әрекетін заңсыз деп тану туралы шағым түсірген.

Оқи отырыңыз: Кәсіподақ: АМТ жалақы өсуіне қатысты "асығыс" мәлімдеме жасады

Ал желтоқсанның 14-і күні Шахтинск соты шеруді тоқтату туралы шешім шығарған. Кейін екі тарап келіссөз бастаған. Ал Қарағанды облысының әкімдігі «жалақы көтеру мәселесі өз шешімін тапты» деп хабарлаған.

XS
SM
MD
LG