Accessibility links

Cирияда ресейлік Су-25 әскери ұшағын атып түсірген


Сирияның Идлиб провинциясында әуеден атып түсірілген ресейлік әскери ұшақтың сынықтары. 3 ақпан 2018 жыл.
Сирияның Идлиб провинциясында әуеден атып түсірілген ресейлік әскери ұшақтың сынықтары. 3 ақпан 2018 жыл.

Сирияның Идлиб провинциясында үкімет әскеріне қарсы соғысып жатқан топ сенбі күні әуеден атып түсірген Ресей әскери-ғарыш күштерінің Су-25 шабуылдаушы ұшағының ұшқышы парашютпен секіріп жерге аман-есен түскенімен, атыс барысында қаза тапқан. Бұл туралы алдымен Conflict Intelligence Team (CIT) тәуелсіз зерттеушілер тобы мен сириялық адам құқығы жағдайына мониторинг жүргізетін орталық хабарлады. Кейін бұл ақпаратты Ресей қорғаныс министрлігі растаған.

Сириялық қарулы топ таратқан видеода жерде жатқан ұшақ сынықтарындағы қызыл жұлдыздың суреті байқалады. Әдетте мұндай жұлдыз суреті ресейлік әскери ұшақтарда болады.

CIT тәуелсіз зерттеушілер тобы "ұшқыш жерге түскен соң атыс барысында қаза тапқанға ұқсайды" деп топшылайды.

Ресейлік "Новая газета" басылымы Ресей қорғаныс министрлігіндегі дерек көзіне сілтеме жасап, қаза тапқан - бұрынғы украин ұшқышы, майор Роман Филиппов деп хабарлады.

XS
SM
MD
LG