Accessibility links

Жапониялық Ханю - екі дүркін олимпиада чемпионы


Юдзуру Ханю Пхенчхан олимпиадасында. 17 ақпан 2018 жыл.
Юдзуру Ханю Пхенчхан олимпиадасында. 17 ақпан 2018 жыл.

Пхенчхан олимпиадасында мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы жекелей сында жапониялық Юдзуру Ханю жеңіске жетті. Ол қос бағдарлама қорытындысы бойынша 317,85 ұпай жинады. Күмісті тағы бір жапониялық Шомо Уно алды - 306,90. Ал қола медальды испаниялық Хавьер Эрнандес иеленді - 305,24. Қазақстандық Денис Тен 27-орыннан аса алмады.

Оқи отырыңыз: Денис Тен жеңілісін жарақаттан көреді

Ханю 2014 жылы Сочи олимпиадасында да чемпион атанған. Төрт жыл бұрын қос бағдарлама бойынша 280,09 ұпай жинаған. Күмісті канадалық Патрик Чан (275,62), қоланы қазақстандық Денис Тен (255,10) алған еді.

Пхенчхан олимпиадасы 25 ақпанда аяқталады.

XS
SM
MD
LG