Accessibility links

Киевте Порошенконың отставкаға кетуін тағы да талап етті


Киевтегі Украина президенті Петр Порошенкоға қарсы шеру. Украина, 18 ақпан 2018 жыл.
Киевтегі Украина президенті Петр Порошенкоға қарсы шеру. Украина, 18 ақпан 2018 жыл.

Киевте 18 ақпан күні мыңдаған адам шеруге шығып, Украина президенті Петр Порошенконың отставкаға кетуін талап етті. Ал украин ұлтшылдары Ресейге қатысы бар үш ғимараттың терезесін шақты. Порошенкоға қарсы акцияны өткізуге Одесса облысының бұрынғы губернаторы, 12 ақпан күні елден шығарылған Михаил Саакашвили үндеген.

Ресми органдар Порошенкоғка қарсы акцияға екі жарым мыңға тарта адам қатысқанын, ал қоғамдық тәртіпті сақтауға үш мыңға жуық полиция қызметкері тартылғанын хабарлады. France Press агенттігі шеруге 10 мыңдай адам шыққанын хабарлады. 18 ақпан күні Украинаның орталығы мен батысындағы қалаларында да шағын демонстрациялар өткені хабарланды.

XS
SM
MD
LG