Accessibility links

Қазақстан Жемқорлық индексінде 9 орын жоғарылады


Transparency International ұйымы жариялаған 2017 жылғы жемқорлық индексі туралы есебіндегі Қазақстанның орны.
Transparency International ұйымы жариялаған 2017 жылғы жемқорлық индексі туралы есебіндегі Қазақстанның орны.

Transparency International (TI) халықаралық ұйымының жыл сайын жариялайтын Жемқорлықты қабылдау индексінде Қазақстан 2017 жылы тоғыз орынға жоғарылап, 122-орынға шықты.

Қазақстан 180 мемлекет қамтылған индексте аймақ бойынша Қырғызстан (135), Ресей (135), Өзбекстан (157), Тәжікстан (161) және Түркіменстаннан (167) озып тұр.

Қазақстан 2016 жылғы есепте Иран, Непал, Ресей және Украинамен бірге 131-орында тұрған еді.

Чехия (42), Грузия (46), Хорватия (57), Румыния (59), Черногория (64) және Беларусьтің (68) индекс бойынша көрсеткіштері Қазақстанмен салыстырғанда әлдеқайда жақсы.

Индексте алдыңғы бестіккке Жаңа Зеландия, Дания, Финляндия, Норвегия және Швейцария енген. Ең төменгі орындарда Сомали, Оңтүстік Судан, Сирия, Ауғанстан және Йемен тұр.

Зерттеу бойынша, орташа есеппен 66 балл жинаған Батыс Еуропа аймақтар бойынша алға шыққан. Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның орташа балы 34-ті құрайды.

«Нәтижеге жасалған сараптама үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ-ты басып-жаныштау жемқорлық деңгейінің жоғары болуымен байланысты екенін көрсетіп отыр. Бүкіл әлемде жемқорлықпен күреспекке талпыныс бар болғанымен, көп елде бұл проблеманы шешуде алға ілгерілеу өте баяу жүріп жатыр» делінген Transparency International есебінде.

XS
SM
MD
LG