Accessibility links

Навальный қорының басшысы 10 тәулікке қамалды


Роман Рубанов, Алексей Навальныйдың Жемқорлықпен күрес қорының директоры.
Роман Рубанов, Алексей Навальныйдың Жемқорлықпен күрес қорының директоры.

Мәскеудің Симоновский аудандық соты оппозиционер Алексей Навальныйдың Жемқорлықпен күрес қоры директоры Роман Рубановты 10 тәулікке қамады. Рубановты 19 ақпан күні кешке Мәскеудің «Шереметьево» әуежайында ұстап, полиция бөліміне алып кеткен. 28 қаңтар күні «сайлаушылар ереуілін» қолдап акция өткізгені үшін Рубановтың үстінен көпшілік іс-шара ұйымдастыру ережесін бұзғаны туралы хаттама толтырған.

Алексей Навальный өзін 2018 жылы 18 наурызда өтетін президент сайлауына кандидат етіп тіркеуден бас тартқаннан соң «сайлаушылар ереуілін» өткізуге шақырған. 28 қаңтар күні Ресейдің ондаған қаласында мыңдаған адам қатысқан «сайлаушылар ереуілі» деп аталатын акциялар өткен. Акциялар кезінде Ресейде 350-ге тарта белсенді ұсталған.

Роман Рубанов Алексей Навальныйдың «сайлаушылар ереуілі» үшін қамалған алғашқы серігі емес. Навальныйдың баспасөз хатшысы Кира Ярмыш пен сайлау кампаниясының баспасөз хатшысы Руслан Шаведдинов та 30 қаңтар күні «Шереметьево» әуежайының төлқұжат тексеру постында ұсталған. Оларға «сайлаушылар ереуілін» ұйымдастырды деген айып тағылған. Олар Литвада отырып шерулерден трансляция жүргізген. Шаведдинов сегіз тәулікке, Ярмыш бес тәулікке қамалған.

ВИДЕО: Ресейде сайлаушылар ереуілге шықты (28.01.2018)

Ресейде сайлаушылар ереуілге шықты
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:02 0:00

XS
SM
MD
LG