Accessibility links

ОҚО-да ВИЧ жұқтырған 135 баланың статусы ашылды


Бақытжан Шәкенов, Оңтүстік Қазақстан облыстық Ана мен бала орталығының бас дәрігері. Шымкент, 21 ақпан 2018 жыл.
Бақытжан Шәкенов, Оңтүстік Қазақстан облыстық Ана мен бала орталығының бас дәрігері. Шымкент, 21 ақпан 2018 жыл.

2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ жұқтырған 135 балаға ауруы туралы айтылып, статусы ашылды деп хабарлады Бұл жайында 21 ақпан күні облыстық СПИД орталығында өткен баспасөз мәслихатында облыстық Ана мен бала орталығының бас дәрігері Бақытжан Шәкенов айтты.

Бақытжан Шакеновтың сөзінше, орталық ВИЧ жұқтырған балалардың статусын үкіметтік емес ұйымдардың көмегімен ашады.

- Баланың статусын 11-12 жаста ашқан дұрыс. Бұл үшін ата-анасы рұқсат беруі керек. 2017 жылы 135 баланың статусы ашылды. Биыл 45 баланың статусын ашуды ойластырып отырмыз. Cтатусы ашылған балалардың өзімен жұмыс істеп жатырмыз. Ата-анасымен тығыз байланыста болып, өмірге бейімделуге көмек беріп келеміз, - дейді Бақытжан Шакенов.

Бас дәрігердің мәліметінше, бүгін де Ана мен бала орталығында ВИЧ жұқтырған 242 бала тіркеуде тұр. Олардың тоғызы 2017 жылы тіркеуге алынған.

XS
SM
MD
LG