«Қазақмыс» компаниясы Қарағанды облысындағы байыту фабрикасының жұмысшысы жұмыс кезінде жарақат алып, қайтыс болғанын хабарлады. Компания баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 1994 жылы туған жұмысшы 21 ақпан күні Жезқазған байыту фабрикасының аумағында «қосалқы станция тұрағында кабель орамасын тегістеп» жүргенінде жарақат алған.
«Зардап шеккен жұмысшы Жезқазғандағы ауруханаға жеткізіліп, операция жасалған соң жарақатынан қайтыс болды» делінген компания таратқан ақпаратта.
Компания жұмысшы «жазатайым» жарақат алып қалды деп санайды. Бұл оқиғаны тексеру үшін арнайы комиссия құрылған.