Accessibility links

Өзбекстан экс-бас прокуроры Рашид Қадыровтың ұсталғаны хабарланды


Рашид Қадыров, Өзбекстанның бұрынғы бас прокуроры.
Рашид Қадыров, Өзбекстанның бұрынғы бас прокуроры.

Ташкентте Өзбекстанның бұрынғы бас прокуроры Рашид Қадыров тұтқындалды деп хабарлады Азаттықтың Өзбек редакциясы («Озодлик» радиосы). Бас прокуратурадағы бір-біріне тәуелсіз екі дереккөзінің «Озодликке» айтуынша, экс-прокурор 22 ақпан күні тұтқындалған. Он шақты күн бұрын Рашид Қадыровтың ұлы Әлішер Қадыров елден қашып кеткен. 22 ақпанда Өзбекстан бас прокуратурасының баспасөз қызметі Қадыровтың тұтқындалғанынан «бейхабар екенін» хабарлады.

Бас прокуратураның аты-жөнін атамаған қызметкерінің айтуынша, 66 жастағы экс-бас прокурор Рашид Қадыров прокуратурада тергеліп жатыр. Ол сонымен қатар Қадыровпен бірге бұрынғы екі прокурордың да ұсталғанын айтты.

Рашидовтың отбасына жақын шенеуніктің «Озодлик» радиосына айтуына қарағанда, «бұрынғы бас прокурордың туыстары оның тұтқындалғанына қайғырып отыр».

Тыңдаңыз: Өзбекстанда жаппай тексеру басталды

Өзбекстан бас прокуратурасын 15 жыл басқарған Рашид Қадыров қызметінен 2015 жылы сәуірде қызметінен босатылған.

2017 жылы 2 тамызда өткен видеоселекторлық жиында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Өзбекстан прокурорларын сынап, прокуратура қызметкерлерін «ең үлкен ұрылар» деп атаған.Ол мұның барлығына бұрынғы бас прокурорды кінәлаған, бірақ Рашид Қадыровтың атын атамаған.

XS
SM
MD
LG