Accessibility links

ІІМ: Дамирбек Асылбекуулуна Қазақстан азаматтығы берілген


Дамирбек Асылбек уулу, Қазақстанда ұсталған Қырғызстан депутаты.
Дамирбек Асылбек уулу, Қазақстанда ұсталған Қырғызстан депутаты.

Қазақстанда ұсталған Қырғызстан депутаты Дамирбек Асылбекуулу Қазақстан азаматтығын алған деп хабарлады ішкі істер министрлігіне (ІІМ) сілтеген ҚазАқпарат агенттігі.

Қазақстан ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаевтің айтуынша, Қырғызстан парламентінің депутаты Дамирбек Асылбекуулу Жамбыл облысының Қордай ауданында туған, ұлты қазақ. Кәмелетке толған соң оған туу туралы куәлігінің негізінде жеке басын куәландыратын құжат пен Қазақстан азаматы деген төлқұжат берілген.

Садубаев Дамирбек Асылбекуулуның қазақстандық паспортының мерзімі 2010 жылы аяқталып, сол жылы екінші рет паспорт берілгенін айтады. Ресми мәлімет бойынша, Асылбекуулу уәкілетті органдарға Қазақстан азаматтығынан айыру туралы өтініш бермеген. Қазір бұл факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

Өткен аптаның соңында Қазақстан бас прокуратурасы елдің оңтүстік облыстарында арнайы органдар «контрабанданың жолын кесу» операциясын жүргізгенін хабарлаған. Операция барысында 35 адам, оның ішінде депутат Дамирбек Алмасбекуулу бар, Қырғызстанның үш азаматы ұсталған.

22 ақпанда Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі (СІМ) Қазақстан сыртқы істер министрлігі өздеріне Дамирбек Асылбекуулунда Қазақстан азаматтығы бары туралы ресми ақпарат жолдағанын хабарлаған. Бірақ Қазақстан СІМ Азаттыққа бұл ақпаратқа комментарий беруден бас тартқан еді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда ұсталған Қырғызстан депутаты кім еді?

Дамирбек Асылбекуулуның ұсталуына байланысты парламенттегі «Қырғызстан» фракциясы шұғыл жиын өткізіп, мәлімдеме таратқан.

19 ақпан күні Алматы соты 17 ақпанда Дамирбек Асылбекуулу мен Қырғызстанның өзге екі азаматын екі айға қамағаны хабарланған.

Оқи отырыңыз: Ұсталған депутаттың қос азаматтығы анықталды

Дамирбек Асылбекуулу Қырғызстан парламентіне «Қырғызстан» фракциясынан сайланған депутат. Ол 2009-2010 жылдары да парламент депутаты болған.

XS
SM
MD
LG