Кремльде Ресей президенті Владимир Путиннің 2012 жылы сайлауда жеңіске жеткен соң қол қойған жарлықтарына ұқсас биыл «мамырда шығатын» жарлықтары дайындалып жатыр деп хабарлады өз дереккөздеріне сілтеген РБК басылымы.
Жарлықтың мәтіні қандай екені әзірге белгісіз. Басылым дереккөздерінің бірінің айтуынша, Владимир Путиннің нақты ұсыныстары 1 наурызда Федералдық кеңесте жасайтын жыл сайынғы үндеуінде жариялануы мүмкін.
Ал үкімет 2012 жылы мамырда шығарылған жарлықтардың орындалуына қатысты осы уақытқа дейін есеп берген жоқ. Соңғы есепте президенттің тапсырмасының 76 пайызы орындалғаны айтылған. Путин былтыр желтоқсанда өткізген баспасөз конференциясында жарлықта айтылған тапсырмалары 94 пайызға орындалғанын айтқан. Бірақ ол «шешілмеген мәселе атқарылған жұмыстан да көбін» мәлімдеген.
Владимир Путин 2012 жылы Ресей президенті қызметіне кіріскенде үкіметке тапсырма беретін 11 құжатқа қол қойған. Ол құжаттар «мамыр жарлықтары» деп аталып кеткен. Жарлықтар негізінен ресейліктердің өмір сүру сапасын жақсартуға, оның ішінде дәрігерлер мен мұғалімдердің жалақысын көтеру мәселесіне, экономикалық, әлеуметтік, қорғаныс және мемлекеттік саясатқа қатысты болған.