Accessibility links

Бішкекте журналист Алканованы қолдаған пикет өтті


Эльнура Алканова, қырғызстандық журналист.
Эльнура Алканова, қырғызстандық журналист.

Бішкекте азаматтық белсенді Ондуруш Токтонасыров Экономикалық қылмыспен күрес жөніндегі мемлекеттің қызметінің алдында журналист Эльнура Алкановаға қатысты қылмыстық істі тоқтатуды талап етіп, акция өткізді. Токтонасыров журналиске қарсы іс заңсыз және оны «қудалау» үшін қозғалған деп біледі.

«Журналиске зерттеу жүргізгені үшін алғыс айтудың орнына қылмыстық іс қозғау дұрыс емес. Экономикалық қылмыспен күрес жөніндегі мемлекеттік қызметтің төрағасынан журналист Алканованы қудалағаны үшін отставкаға кетуін талап етемін» деді Токтонасыров.

13 ақпан күні Экономикалық қылмыспен күрес жөніндегі мемлекеттік қызмет «Фергана.ру» басылымының тілшісі Эльнура Алканованың үстінен «коммерциялық немесе банк құпиясы бар ақпаратты заңсыз иеленді» және «коммерциялық, банктік немесе басқа да құпияны және салық төлеуші мәліметінің құпиялығын әшкереледі» деген баптармен айып таққан.

Журналиске айып былтыр 15 қарашада Алканованың «Фергана.ру» сайтында «Идеал Хаус» VIP-қалашығындағы сатып алуға қатысты видеосюжет жариялауынан соң тағылған. Зерттеу бойынша, Бішкек маңындағы 12,4 гектар аумақта орналасқан, бұған дейін мемлекет меншігіне алынған 48 коттедж 142 миллион сомға жекешелендірілген. Конкурсты «ВостокТехКомплект» фирмасы ұтып алған. Журналист Эльнура Алканова зерттеуінде бұл компанияның Қырғызстан премьер-министрі Сапар Исаковтің ағасымен ықпалы бар болуы мүмкін екенін тұспалдаған.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Қырғызстан билігін Эльнура Алкановаға қарсы қылмыстық істі тоқтатуға шақырған.

XS
SM
MD
LG