Accessibility links

Шымкенттік белсенділер бір-бірін сотқа берді


Шымкенттік белсенді Ардақ Әшім сотта отыр. Шымкент, 2 наурыз 2018 жыл.
Шымкенттік белсенді Ардақ Әшім сотта отыр. Шымкент, 2 наурыз 2018 жыл.

Шымкенттік белсенді Сүйін Абулда белсенді Ардақ Әшімді Facebook әлеуметтік желісі арқылы "қадыр-қасиетім мен ар-намысыма тиді" деп сотқа берді. 2 наурызда Шымкенттің Әл-Фараби аудандық соты Сүйін Абулданың арызын қарай бастады. Сотқа судья Еркін Оспанов төрағалық жасайды.

Сүйін Абулданың айтуынша, Ардақ Әшім Facebook-те өзін "Марал Құрылтай" және "Қазақ қаны қазақ" атты аккаунттар ашып, тапсырыспен жұмыс істейтіні" туралы жазған.

Сүйін Абулда, шымкенттік белсенді.
Сүйін Абулда, шымкенттік белсенді.

- Ардақ Әшім осы жазбасы арқылы қадыр-қасиетіме, ар-намысыма тиіп отыр. Егер жазбасын дәлелдей алмаса, жазасын алсын, - деді ол сотта.

Ардақ Әшім тағылған айыппен келіспейтінін, өз сөзін "Марал Құрылтай" және "Қазақ қаны қазақ" аккаунттарының IP адрестері дәлелдейтінін айты.

- Прокуратураға өтініш білдірдік. Олар аккаунттардың түпкі иесін анықтап береді, - деді ол.

Сот белсенді Сүйін Абулданың бір миллион теңге моральдық шығын өндіру туралы арызын өндіріске қабылдап, Қылмыстық кодекстің 130-бабы ("жала жабу") және 131-бабы ("қорлау") бойынша қарауға алған.

XS
SM
MD
LG