Accessibility links

Омбудсмен: Қазақстанда құқық қорғау органдарына қатысты шағым көбейді


Алматыда наразылық акциясын өткізген азаматтарды ұстап алып бара жатқан полицейлер (Көрнекі сурет).
Алматыда наразылық акциясын өткізген азаматтарды ұстап алып бара жатқан полицейлер (Көрнекі сурет).

Қазақстанның адам құқығы жөніндегі уәкілі Асхат Шәкіров (немесе омбудсмен) президент Нұрсұлтан Назарбаевқа уәкіл мекемесінің 2017 жылғы жұмысы бойынша есеп берді.

Адам құқығы жөніндегі уәкіл сайтында жарияланған ақпаратқа қарағанда, уәкіл есебінде елдегі адам құқығының жай-күйіне талдау жасалған. Уәкіл есебінше, 2017 жылы жеке азаматтар мен заңды тұлғалардан барлығы 147 жеке және ұжымдық шағым түскен. Жалпы уәкілге 2147 адам жүгінген.

Омбудсмен есебіне қарағанда, былтыр алдыңғы жылмен салыстырғанда құқық қорғау органдарының қызметіне қатысты шағым 38,2 пайызға артқан. Керісінше, мемлекеттік органдардағы лайықсыз басқаруға қатысты шағымдану азайған.

Адам құқығы жөніндегі уәкіл Қазақстандағы адам құқығы жағдайын азаматтардың арыз-шағымын қарау, мемлекеттік органдармен, халықаралық және үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарымен өзара іс-қимылға жасалған талдау бойынша мониторинг жасаған.

Омбудсмен балалар үйлері, психоневрологиялық диспансерлер, қарттар үйі, дағдарыс орталықтарына, ал Ұлттық превентивтік механизм өкілдері жабық мекемелерге мониторинг жасағанын айтады. Мониторинг нәтижесінде тиісті мекемелерге азаматтардың бұзылған құқығын қалпына келтіру туралы ескерту жасалған.

Уәкіл былтыр Адам құқығы жөніндегі уәкіл мәртебесі Конституцияда бекітіліп, ол уәкілдің елдің құқықтық жүйесіндегі рөлін күшейтіп, мүмкіндіктерін кеңейткен.

Оқи отырыңыз: "Демократия мен адам құқығы айтылмайды"

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Қазақстан билігін елдегі адам құқықтарын жиі бұзады, халықаралық міндеттемелерін көп жағдайда орындамайды деп сынайды.

Amnesty International (AI) халықаралық құқық қорғау ұйымының соңғы есебі бойынша, 2017 жылы Қазақстанда тәуелсіз кәсіподақ өкілдері, азаматтық белсенділер мен "билікті сынаған" журналистер көбірек қуғындалған.

XS
SM
MD
LG