Accessibility links

Өзбекстан Қазақстан, Оман және Германияға еңбек мигранттарын жөнелтпек


Ресейдегі өзбекстандық мигранттар (Көрнекі сурет).
Ресейдегі өзбекстандық мигранттар (Көрнекі сурет).

Өзбекстан еңбек мигранттарын Германия, Қазақстан және Оман сұлтандығына ұйымдасқан түрде жіберу мәселесін қарастырып жатыр.

Сыртқы еңбек миграциясы мәселелері жөніндегі агенттік басшысы Равшан Ибрагимовтың айтуынша, Өзбекстан біртіндеп еңбек миграциясы саласында халықаралық әріптестік географиясын кеңейтіп отыр.

"Бұған дейін мұндай жұмыстар Оңтүстік Корея, Ресей, Жапония және Польша сияқты елдерде жүргізілді. Қазір Біріккен Араб Әмірліктерінде осындай жұмыс атқарылып жатыр. Бұған қоса агенттік Германия, Қазақстан және Оман сұлтандығымен еңбек миграциясы саласында әріптестік орнатып отыр" деді ол.

Өткен аптада алғаш рет өзбек мигранттарын Түркияға ұйымдасқан түрде жұмысқа жіберу туралы құжатқа қол қойылды. Келісім Өзбекстан сыртқы еңбек миграциясы мәселелері жөніндегі агенттігі мен түркиялық Тayga group компаниясы арасында жасалды.

Түркиялық компания қызметші әйелдер, ыдыс-аяқ жуатындар, тазалаушылар, аниматорлар, ресепшн қызметкерлері, даяшылар, бармендер, ас үй қызметшілері мен аспаздар жинайды.

Орташа айлық жалақы 430 долларды құрайды, жұмыс дүйсенбіден жұмаға дейін. Жұмысшылардың тұратын орны, тамағы мен Өзбекстаннан ұшып келу шығындарын Түркия жағы төлейді.

Сонымен бірге агенттік биыл Ресейге ресми түрде 50 мың мигрант жібереді.

XS
SM
MD
LG