21 наурызда Кабулда мешіттегі жарылыстан кем дегенде 26 адам мерт болып, 18 адам жараланды. Бұл туралы Ауғанстан ішкі істер министрлігі хабарлады.
Министрлік өкілі Нурсат Рахими Азаттықтың Ауған қызметіне мерт болғандардың көбі қарапайым тұрғындар екенін айтты. Жарылыс халық Наурыз мейрамын тойлап жатқан сәтте болған.
Полиция өкілі Мохаммад Салем Алмастың айтуынша, шабуылдаған адам бомбаны мешіттің сыртында, адам көп жиналған жерде жарған.
Министрлік өкілі шабуылдан мерт болғандардың саны өсуі мүмкін дейді. Жарылысты әлі ешқандай ұйым өз мойнына алған жоқ.