Ресейде спортшылардың допинг қолданатынын биліктің қалай жасырып, бүркемелейтінін әшкерелеген Мәскеудің допингке қарсы зертханасының бұрынғы басшысы Григорий Родченков жұма күні Вашингтонда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі комиссияға (Хельсинки комиссиясы) мүше АҚШ заң шығарушыларымен кездесті.
Кездесу туралы таратылған ресми ақпаратта онда тек допинг туралы ғана емес, сонымен бірге "халықаралық спорттық федерациялардағы коррупция" және "Ресейдің АҚШ-қа төндіретін қатері" туралы да сөз болған. Кездесуге АҚШ сенатының мүшелері Кори Гарднер мен Бен Кардин қатысқан. Интернетте тараған осы кездесуден түсірілген фотосуреттерде Родченковтың көзіне қара көзілдірік тағып, жүзін бүркеп алғаны бейнеленген.
Кездесуден кейін сенатор Кардин жақында сырт келбетін өзгерткен Родченков жеке басының қауіпсіздігі үшін алаңдайтынын айтып, жуырда Ұлыбританиядағы Ресей бас барлау басқармасының (ГРУ) бұрынғы офицері Сергей Скрипальды уландырғыннан кейін мұндай сақтық шарасына негіз бар деп мәлімдеген.