Accessibility links

ҚХА-ның кезекті сессиясы 28 сәуірде өтпек


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының жиынында сөйлеп тұр. Орал, 9 наурыз 2016 жыл (Көрнекі сурет).
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының жиынында сөйлеп тұр. Орал, 9 наурыз 2016 жыл (Көрнекі сурет).

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 28 сәуірде Қазақстан халқы ассамблеясының (ҚХА) жиырма алтыншы сессиясын шақыру туралы жарлық шығарды. Ақорданың ресми сайтында жарияланған жарлық бойынша, сессия "Бес әлеуметтік бастама - қоғамның әлеуметтік бірігуінің платформасы" деген тақырыппен өтеді.

Ассамблея сессиясы Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өткізілмек.

Президент Қазақстан үкіметіне Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясын ұйымдастыру шараларын жасауды тапсырды.

Қазахстан халқы ассамблеясы 1995 жылы құрылған. Ассамблея президент жанындағы кеңес беруші орган саналады және оны президент басқарады.


XS
SM
MD
LG