АҚШ мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер бойынша орынбасары Томас Шеннон 26 наурызда Ташкентте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевпен кездесті.
Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, тараптар екіжақты қарым-қатынасты, халықаралық және аймақтық мәселелерді талқылады. Шеннон мен Мирзияев Ташкентте басталған Ауғанстандағы жағдай бойынша халықаралық конференция қарсаңында кездесті. Шеннон сонымен қатар Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловпен кездеспек.
Ташкенттегі конференцияға 20-дан астам мемлекет пен халықаралық ұйымдардың, оның ішінде АҚШ, Қытай, Ресей, Иран, Пәкістан, Орталық Азияның бес мелмекеті және Еуропа Одағы мен БҰҰ өкілдері қатысып жатыр.
Өзбекстан президентінің баспасөз хатшысы бұған дейін Facebook-те Мирзиеявтің Ауғанстан президенті Ашраф Ғанимен, ЕО-ның сыртқы саясат бойынша жоғарғы комиссары Федерика Могеринимен, Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесу жоспары барын хабарлаған.