Кемерово қаласындағы "Зимняя вишня" сауда орталығындағы өрт кезінде Тәжікстанда туған, қазір Ресейде тұратын бес саудагер 50-ден астам адамды құтқарып қалған. Бұл туралы Азаттықтың Тәжік қызметі хабарлады.
Өрт шарпыған сауда орталығында қалған адамдарды құтқарған Тәжікстан азаматтары туралы ақпарат құралдары жазып, интернет қолданушылар әлеуметтік желілерде талқылап жатыр.
Азаттықтың Тәжік қызметіне сұхбат берген саудагерлердің бірі Махмуд Хожаевтың айтуынша, олар адамдарды сауда орталығындағы қосалқы есіктер арқылы сыртқа шығарған. Олар "Зимняя вишня" сауда орталығында аяқ-киім сатқан.
Оқи отырыңыз: Ресей халқы аза тұтып жатыр
Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше, сауда орталығындағы өрттен 64 адам қаза тапқан.
ФОТОГАЛЕРЕЯ: Кемероводағы өрттен кейін.