Accessibility links

ЕҚЫҰ: Душанбе журналистерді терроризмге қатысты тізімнен шығарсын


Харлем Дезир, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының баспасөз еркіндігі жөніндегі өкілі.
Харлем Дезир, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының баспасөз еркіндігі жөніндегі өкілі.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) баспасөз еркіндігі жөніндегі өкілі Харлем Дезир Тәжікстан сыртқы істер министрі Сироджиддин Асловқа хат жазып, Душанбені терроризмге қатысты "қара тізімнен" журналистерді шығарып тастауын сұрады. ЕҚЫҰ-ның Венадағы кеңсесі бұл хаттың 28 наурызда жолданғанын хабарлады.

Екі апта бұрын Тәжікстан Ұлттық банкі терроризмге қатысы бар деген адамдардың тізімін жариялаған. Ұлттық банктің қаржы бақылау департаменті жасаған тізімде Тәжікстанның 1 372 азаматы бар.

ЕҚЫҰ бұл тізімге ақпарат құралдарында істейтін 14 қызметкерді "жөнсіз" қосқан деп есептейді. Харлем Дезирдің мәлімдеуінше, Тәжікстан билігі тізімдегі журналистердің қандай да бір қылмыс немесе теріс әрекет жасағанын дәлелдемеген. "Журналистерді мұндай тізімге енгізу олардың өмірі мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін" деп есептейді ЕҚЫҰ-ның баспасөз еркіндігі жөніндегі өкілі.

Тәжікстан билігі әзірге ЕҚЫҰ өкілінің бұл хатына қатысты пікір білдірген жоқ.

XS
SM
MD
LG