Accessibility links

Ресейде тасқыннан жүздеген үй қирады


Алтай аумағындағы тасқын. 24 наурыз 2018 жыл.
Алтай аумағындағы тасқын. 24 наурыз 2018 жыл.

Ресейдің Тува республикасының билігі аймақта соңғы күндері болған су тасқынынан 88 үй қирағанын, жүздеген адам эвакуацияланғанын хабарлады. Аймақтағы Каа-Хэм ауылында 126 ауланы, 65 үйді су алып кеткен.

Ал Хакасия республикасында қалың қардың еруінің салдарынан тасқын болып, аймақта төтенше жағдай жарияланған. Алтай аймағында 24 наурызда басталған тасқыннан екі адамның қаза тапқаны хабарланды. Алтай аймағының губернаторы Александр Карлиннің айтуынша, тасқыннан мыңнан астам үйге зақым келіп, 1600 адам эвакуацияланған.


XS
SM
MD
LG