Accessibility links

Сауда орталықтары жоспардан тыс тексеріледі


Астанадағы "Азия-парк" сауда және ойын-сауық орталығы (Көрнекі сурет):
Астанадағы "Азия-парк" сауда және ойын-сауық орталығы (Көрнекі сурет):

Қазақстан бас прокуратурасы өрт сөндіру қызметі органдарына елдегі барлық сауда нысандарын жоспардан тыс тексеруді тапсырды.

Бас прокуратура ресми сайтында жарияланған ақпаратқа қарағанда, алдағы екі айда қауіп-қатер деңгейі жоғары делінетін, аумағы 1,5 мың шаршы метр және одан асатын 1151 нысанды тексеру жоспарланып отырғанын айтады. Сауда орындарынан бөлек мектепке дейінгі даярлық мекемелері және жалпы орта мектептер тексерілмек.

Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Ресейдің Кемерово қаласында сауда және ойын-сауық орталығында ондаған адамның өмірін қиған өрттен соң елдегі барлық сауда орталықтарының өрт қауіпсіздігі талаптарына қаншалықты сай екенін тексеруге пәрмен берген.

Оқи отырыңыз: Кемероводағы өрттен ондаған адам қаза тапты

Кемерово қаласында 25 наурыз күні күндіз "Зимняя вишня" сауда және ойын-сауық орталығында өрт болып, салдарынан ресми мәлімет бойынша, 64 адам қаза тапты. Құрбандар арасында 41 бала бар. Өрттен 40-тан астам адам зардап шекті. Оның 10-ы ауруханада жатыр.

XS
SM
MD
LG